+7 [7172] 57-24-91

Жаңалықтар

Бейсенбі, 14 Шілде 2016 11:19

Баяндау-семинары.

14 шілдеде Астана қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасының» бастамашылығымен Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» аясында экстремизм және терроризмді алдын алу бойынша баяндау-семинары өтті. Мәжіліс залында өткен семинарға «МЖСШМ» ұжымы мен Астана қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасына» қарасты спорт кәсіпорындарының директорлары жиналды.

IMG 5781

Баяндау семинары Астана қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің қызметкері Уажанов Нұрлан Серікұлы мен экстремизммен күресу бойынша басқарма бөлімінің басшысы Оразбаев Арман Тұрсынғалиұлымен өтті.

IMG 5675

Іс-шарада қызметкерлерді қауіпсіздік шаралары туралы және бөтен, күмәнді адамдар мен заттарға қырағылық танытуға шақырады.

Соңғы уақытта халықаралық терроризм мәселесінің таралуы, оның зардабы, қарқындылығы барша адам өміріндегі аумақты мәселесінің біріне айналды. Терроризмге қарсы күресу еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымды бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан терроризмді барлық жағын және оның пайда болуын айыптап, бұл мәселемен күресу бойынша әлемдік бірлестіктің ұжым болып біріге қарсы тұруына белсене кірісуде.

IMG 5794

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітіп, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарға алынды.

«Басшылар бұқаралық іс-шаралардың өтуі кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға аса қатты көңіл бөлуі тиіс. Бұл дәрісті тек басшылар ғана емес, бар жаттықтырушылар мен спортшылар, кәсіпорын қызметкерлері де назарға алған жөн. Жаттығу сабақтары мен спорттық іс-шаралардың өтуі кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет. Үлкен бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырар бұрын қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін іс-шараның өтуі туралы қажетті органдарға хабар беруі тиіс»,- деп баса айтты Уажанов Нұрлан Серікұлы.

IMG 5724

Оразаев Арман Тұрсынғалиұлы баршаны тағы да бөтен, күдікті адамдар мен заттарға өте сақ болуға шақырды, мұндай жағдайда қажетті ережелерді сақтау қажеттігін жеткізді. Дәрісінің соңында «Терроризмдік мақсаттағы қауіп-қатер туындаған кездегі алғашқы іс-қимыл» тақырыбындағы бейне баянмен бөлісті.

IMG 5751

Бяндау-семинар соңында жиналған қауымға террористік акт қаупі және оның орын алуы кезінде іс-әрекет ету жадынамасы таратылып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берілді.

IMG 5815 

IMG 5838

IMG 5843

Дәріс кезінде кәсіпорын қызметкерлерін тағы да бөтен, күмәнді адамдар мен заттарға қырағылық танытуға, мұндай жағдайлар орын алса әрқашанда кәсіпорын басшылары мен құқық қорғау органдарына хабар беру қажет екендігі баса айтылды.

IMG 5692

Қаралды 1130
Осы саладағы басқа материалдар: « Қала күнімен. Олимпиадаға шығарып салдық. »

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Please publish modules in offcanvas position.