+7 [7172] 57-24-91

Жаңалықтар

Жұма, 29 Шілде 2016 06:44

Олимпиадаға шығарып салдық.

Қазақстандық кіші ракетка шебері Кирилл Герасименконы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға шығарып салдық.

27-28 қараған түні «МЖСШМ» қызметкерлері спортшыны төрт жылда бір өтетін олимпиада ойындарына шығарып салды. Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы Кирилл Герасименко Қытайда өткен іріктеу сайысында Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алған болатын. Бұл ерлер арасындағы үстел теннисінен жеңіп алған Қазақстан спортының тарихындағы бірінші лицензия. Кирилл Герасименко республикамыздың бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Нанкинде өткен жеткіншектер Олимпиадасының қатысушысы. Кирилл Қазақстан Республикасының Риодағы Олимпиадаға қатысатын ең жас спортшыларының бірі. Спортшы тек 19 жаста ғана.

IMG 5966

Көп уақыт бойы бар күш-жігерін спортқа арнаған Кириллге ата-анасы, сонымен бірге жеке жаттықтырушысы болып табылатын Герасименко Татьяна Викторовна мен Герасименко Генадий Андреевич әрқашанда қолдау көрсетеді, жанынан табылып келді.  Астана қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» басшысы Маржикпаев Берік Боромбайұлының бастамашылығымен спортшыға Олимпиада ойындарына дайындалуға барлық қажетті жағдай жасалған болатын. Астаналық спортшымызды тек Астана ғана емес, бар Қазақстандықтар қолдайды.

IMG 5978

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің» директоры Калин Рустам Ілиясұлы Кириллға Олимпиадаға кетер күннің алдында спортшыны жеңіске итермелеу, бар көңілін жеңіске аудару мақсатында психологиялық тренинг өткізген болатын. «Олипиада ойындарында біздің елімізді таныту үшін, сен көп еңбек төктің, жолдастарыңа аз уақыт бөлдің. Өз дұрыс жолыңды таптың. Сол себептен де сен осы жердесің. Сені барша қазақстандықтар қолдайды. Саған табыс тілмейміз. Біз сені медальмен күтеміз», -деп сөзін аяқтады директор.

Есте сала кетсек, 5-21 тамыз аралығында өтетін Олимпиада ойындарына аз уақыт қана қалды.

Қаралды 1724
Осы саладағы басқа материалдар: « Баяндау-семинары. Рио-де-Жанейро. »

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Please publish modules in offcanvas position.