+7 [7172] 57-39-83

Жаңалықтар

Дүйсенбі, 29 Тамыз 2016 10:45

Конституция күні – 2016.

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «МЖСШМ» ұжымы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барып қайтты.

Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы Орталық Азиядағы ең үлкен және жас мұражай болып есептеледі. Мұражай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырысымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылған болатын.

IMG 6844

Осы жылы ұжым бірауыздан мемлекеттік мейрам Конституция күніне орай мұражайға барып экскурсия жасауды жөн көрді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында келесі залдар бар: Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, Ежелгі және Орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Заманауи өнер залы.

IMG 6871

IMG 6878

Экскурсия қызметкерлердің көңілінен шықты, өз мемлекетінің тарихын өз көзіңмен көрген өте қызықты, бұдан басқа мұражай қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаған күнен бастап президенттің сөз сөйлеген сирек кадрларын көрсетті.

IMG 6889

Конституция күні мемлекеттік мейрамдардың ішіндегі ең маңыздылардың бірі болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының тілегін, халықтың мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақстан Республикасының негізгі заңына 1998 және 2007 жылы екі рет өзгертулер мен түзетілер енгізілді. 2007 жылы Конституцияда мемлекеттік құрудың жаңа формасы - президенттік-парламенттік болып бекітілді.

Конституция жас тәуелсіз мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын анықтаған, маңызды саяси-құқықтық құжат ғана емес, сонымен қатар қазақстандық азаматтық пен патриотизмның құрылуына негіз болған басты мемлекеттік және қоғамдық құндылық.

IMG 6869

Биыл біздің конституцияға 21 жыл толып отыр. Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей Қазақстан Конституциясы – бұл заң ретінде қалыптасқан жалпы ұлттық идея.

Мейрам спорттық жарыстарсыз да өткен жоқ, қызметкерлер бірнеше сағат бойы үстел теннисынен ең тәжірибелі ойыншы атағына өзара жарысты. Үстел теннисы бұл тек қана көпшілікке белгілі спорт түрі ғана емес, сонымен қатар пайдасы да зор, теннис ойнау арқылы адам психологиялық шиеленісті және кардиожаттығуды да жақсы алмастыра алады.

IMG 6711

IMG 6722

Әкімшілік барлығын Конституция Күнімен құттықтап, әрбір үйге және әрбір жанұяға бақыт, денсаулық және амандық тілейді!

 

Қаралды 1301
Осы саладағы басқа материалдар: « Спорт күні – 2016. Ашық есік күні. »

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Please publish modules in offcanvas position.