+7 [7172] 57-24-91

Жаңалықтар

Дүйсенбі, 06 Ақпан 2017 10:19

«МЖСШМ»-дағы спорт күнінің маңызы.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде» спорт күнін өткізу дәстүрге айналды.

Әр аптаның аяғында жұмыс күні аяқталғанан кейін қызметкерлер офистік стилін спорттық стильге ауыстырып белсенді түрде спортпен шұғылданады.

«МЖСШМ» басшылығы Калин Рустам Ильясовичтың бастауымен дене шынықтыруды көпшілікке тарату бойынша белсенді түрде жұмыс атқарылып жатыр.

Бүгін біз «МЖСШМ» қызметкерлері арасында спорт саласына қалай келгендігі туралы және дене шынықтырудың пайдасы жайлы сауалнама жүргіздік.

сшвсм директор (1)

Бірінші болып барлық сұрақтарға спорт мектебінің басшысы Калин Рустам Ильясович жауап берді. «Менің балалық шағым кішігірім қалашықта өтті, сондықтан спортпен ерте кезден бастап шұғыданамын. Әкем, ағам бәріміз гантель көтеріп, өзенге түсетінбіз, үшінші сыныптан бастап мектеп бітіргенге дейін жүгірумен айналысып, турникке тартылатынмын. Әкем еркін күрестен спорт шебері, жақын арада ардагерлер арасында шахматтан қала чемпионы атанды. Сондықтан ол рухани дамумен қатар физикалық дамудың да қажет екендігін түсіндіреді. «МЖСШМ» директоры лауазымына келгеннен кейін мен мәдени іс-шаралар ғана емес спорттық іс-шаралар өткізу керек екендігін түсіндім. Сондықтан әр апта сайын жұма күндері жұмыс уақыты аяқталғанан кейін дене шынықтырумен шұғылдананамыз деп шештік. Біз спорттың көптеген түрлерін қамтуға тырысамыз. Әр апта сайын әр түрлі бағдарламалар ойластырылады. Өзім жайлы айтатын болсам мен үнемі жүгірумен айналысамын, жүземін, қысқы мерзімде шаңғы және коньки тебемін, үстел теннисі және бадминтон ойнаймын, аптасына 6 күн спортпен шұғылданамын десек те болады. Астана қаласында өтетін лига чемпиондарының матчтарын да үзбей караймын. Қалалық қарбалас өмірде адамдарда жиі стресс болып тұрады, психологтар мен дәрігерлер стресспен күресудің ең жақсы жолы ағзамызға физикалық салмақ түсіру екендігін дәлелдеген. Дене шынықтырумен шұғылдану денсаулыққа өте пайдалы екені барлығымызға белгілі, сондай-ақ спорт адамды бақытқа кеңелтеді. «МЖСШМ»-дағы өткізілетін спорт күндері қатты қуантады, ұжым бірге жиналып, барлығы спорт күнін асыға күтеді. Қызметкерлер жиі спортпен шұғылдануға ерінеді, оларды жігерлендіріп отырудың да маңызы зор. Мақсатым әріптестерімді спортқа бір адым болса да жақындату, жұмыс орнын ауыстырған жағдайда да, дене шынықтырумен айналсуды әдетке айналдырса нұр үстіне нұр болар еді.»

сшвсм мурат (1)

Ибеков Мурат Тастемирович - басшының оқу-спорт жұмысы жөніндегі орынбасары.
«Мен балалық шақтан бастап спорттың көптеген түрімен шұғылдандым. Жанұям мені әрдайым қолдап отыратын. Әкем де, ағам да спортпен шұғылданады. Бос уақытымда хоккейге барамын. Өзімнің дене бітімімді қалыпта ұстауды жөн көремін сондықтан жұмыс уақыты аяқтала салысымен жаттығу залына үнемі барып тұрамын. Спорт денсаулыққа өте пайдалы, адамды төзімділікке тәрбиелейді. Ұйымда спорт күнін өткізу дәстүрге айналды. Дүйсенбі күні әріптестерім аптаның аяғында қандай спорт түрімен шұғылданатымыз жайлы сұрастырып, асыға күтетінін байқаймын. Әр апта сайын өте қызықты жаңа бағдарламалар өткізіледі.

сшвсм аскар (2)

Садыров Марат Искакович-бас инженер.
«Футбол – менің өмірім!!! Кішігірім қалада туып өскендіктен біз достарымызбен бос уақытымызды футбол алаңында өткізетінбіз. Әлі күнге дейін әр апта сайын жиналып жаттығамыз. Фубол ойнағанда сен тек қана өзіңнің дене бітіміңді жақсартып қана қоймай, сондай-ақ командада бірлесе отырып жұмыс істеуді үйренесің. Бұл қасиет үлкен ұжымда жұмыс істеуге көмектеседі. Жасың ұлғайған сайын жүгіру қиынға соғатынын байқадым, әсіресе тыныс алу қиындай түседі, ентіге бастайсың. Көптеген мемлекеттерде балалық шақтан бастап балалардың үстіне суық су құю арқылы шынықтырып, спортқа үйретеді. Біздің елімізде де дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанға өте қуаныштымен. Мен үшін спорт ол – денсаулық және тәртіп. Әр апта сайын бізде спорт күні өтеді. Біз футбол ойнадық, әріптестерім арасында үстел теннисінен турнир өткіздік, конькиде сырғанадық, өмірімде бірінші рет шаңғыға тұрдым, қиын болатын шығар деп ойладым, бірақ үйреніп алдым. Менің достарым әлеуметтік желілердегі фотоларымды көріп қызығады, «жұмыстарың өте қызықты екен» дейді (күледі).

Сшвсм Асель

Каленова Асель Жанатовна-Хатшы.
«Спортпен мен ешқашан шұғылданып көрген жоқпын, тек қана би үйірмесіне қатыстым. Басшылық спортқа үлкен көңіл бөлетіні мен үшін жақсы жаңалық болды. Спорттың барлық түрлерінен мені хоккей және жүзу қызықтырады. Бос уақытымда «Барыстың» матчтарына барамын. Таза ауадағы спорт күндері өте ұнады, олардан кейін өзіңді сергек сезінесің.

сшвсм директор (2)

 

Болатулы Канат-есепші.
Менің кішкентай кезімде ауладағы балалардың кумирі Рональдиньо болатын. Біз бәріміз футбол ойнап, оның ойындарына еліктейтінбіз. Достарым өте ұйымшыл болды, біз әлі күнге дейін араласамыз, матчтар өткіземіз немесе «Астана» клубына жанкүйер болуға барамыз. Спортпен ең бастысы денсаулық үшін шұғылдану керек. Әр жұма сайын жұмыс уақыты аяқталғанан кейін біз ұжыммен бірге спортпен шұғылданамыз, осы іс-шаралар біздің ұжымды жақындатады деп ойлаймын.

СШВСМ КЫМБАТ

Махметова Кымбат Бахытовна-есепші.

Мен барлық қыздар сияқты биге қатыстым. Қазір біз жолдасым екеуміз қызымызды көркем гимнастикаға, ал ұлымызды тай боксына беруді жоспарлап отырмыз. Қыздар өте нәзік, ал гимнастика жақсы ширатады деп ойлаймын. Спорт денсаулық үшін өте пайдалы сондықтан әрбір ата-ана балаларын спортқа беру өте маңызды екенін білуі қажет. Жұма күндері біз әріптестерімізбен көңілді уақыт өткізіп спортпен айналысамыз.

сшвсм мурат (2)

 

Ахметов Серик Курмангалиевич-мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер.
Балалық шақта мен аз уақыт самбомен айналысқанмын. Бірақ жаныма жақын спорттың түрі бокс десем де болады, отанынымызға медальсыз оралмайтын Олимпиададағы біздің спортшыларға жанкүйер болып өнерін тамашалау көніл сүйсіндірерлік. Өзінің денесін тонуста ұстап тұру үшін, сондай-ақ төзімділікті арттыру мақсатында әрбір адам бірінші кезекте өзі үшін спортпен шұғылдануы тиіс. Ұжымға жақында ғана келсем де, спорт күндері арқылы әріптестеріммен жақынырақ танысып, достасып та үлгердім.

сшвсм кымбат2 (1)

Айдарбекова Кымбат Базаровна-Кадр бөлімінің инспекторы.
Мектепте маған дене шынықтыру сабағы өте ұнайтын, бірақ спортпен айналысқан жоқпын, би үйірмесіне қатыстым. Футбол өте ұнайды. Бірақ ойнағанға қарағанда тамашалаған қызықтырақ. Әсіресе футболдан әлем чемпионаттарын көргенді ұнатамын. Мен спортты өмір салты ретінде қабылдаймын. Спорт күні мені жігерлендіреді, спортпен шұғылдану өте қызықты. Менің ойымша спорт күндері жалпы көңіл-күйге оң әсерін тигізеді.

берик

Камалиев Берик Маратович-заңгер. 
Бала кезімде күреспен айналыстым, бірақ аз уақыт қана. Студенттік кезімде шахмат ойнап, Аграрлық университеттің намысын қорғадым. Тоғыз құмалақтан спорт шеберіне үміткер атағым да бар. Салауатты өмір салтын ұстану әрбір адамда бірінші орында тұру керек деп ойлаймын. Мен үшін спорт жеңіс және денсаулық сөздерімен байланыстырылады. Жұма күндері болатын спорт күні жақсы көніл-күй, күш-қуат сыйлайды.

сшвсм мади (2)

Сериккызы Назым-аудармашы.
«Балалық шағымда Балалар мен жасөспірімдер мектебіндегі воллейбол секциясына қатыстым. Біздің командамыз өті ұйымшыл болғаны есімде, бірнеше рет жүлделі орындарға да ие болдық. Жолдасым да спортшы, грек-рим күресінен спорт шебері. Екі баламызды да спортқа береміз деп жоспарлап отырмыз. Соңғы уақытта бокс қызықтырады, біздің спортшыларымыз үшін намыс оянады. Спорт адамды шынықтырып қана қоймай рухани турде де байытады деп ойлаймын. Ұйымда өткізілетін спорт күндерінің көмегімен коньки теуіп үйрендім. Спорт күні өте пайдалы және қажет іс-шара.

сшвсм мади (1)

Ахметжанов Мади Каиргельдинович- Тоңазытқыш құрал-жабдықтары және мұз аренасын пайдалану бөлімінің басшысы
Мен ешқашан спортпен айналысып көрген жоқпын. Әр апта сайын спорт күнін өткізу мен үшін жақсы жаңалық болды. Аптаның аяғында біз әр түрлі спорт түрімен айналысамсыз. Футбол, волейбол, үстел теннисі, барлық іс-шаралар жұмыс аптасы аяқталған кейін өткізіледі сондықтан ағзамыздағы жүкті түсіреді және жаңа жұмыс күндеріне күш-қуат береді.

сшвсм кымбат2 (2)

Еримбетов Багдат Адильевич-Әдіскер.
Есейіп келе жатқан шағымда қаламызда бокс кеңінен таралып жатты. Сондықтан осы спорт түріне баратынымда күмәнім болған жоқ. Менің әкем жас кезінде бокспен айналысқан және балалық шағымда мені жеке жаттықтырды. «МЖСШМ»-ға жұмысқа орналасқаннан кейін маған академиялық есу сияқты спорт түрі қызығушылық туғызды. Спорт барлық адамдар үшін қажет. Қазір балалар үшін әр-түрлі спорттық секциялар бар және жыл сайын жас спортшылардың саны артып келе жатқандығы өте қуантады. Менің ойымша спорт күндері өте пайдалы, олардан кейін өзіңді өте жеңіл сезінесің.

сшвсм аскар (1)

Кадиров Асқар Толқынұлы-әдіскер.
Маған менің жұмысым өте ұнайды, мен әрқашан спорт бойынша әдіскер болғым келетін. Балалық шағымда дзюдо және бокспен айналыстым. Бос уақытымда елордамызда өткізілетін спорттық іс-шараларды барып тамашалауға тырысымын. Спорт тәртіп пен дисиплинаны дамытады, менің үш балам бар, жасы өскенен кейін боксқа беремін. «МЖСШМ»-дағы спорт күндері өте жақсы идея, спорттық іс-шаралар жақсы көніл-күй сыйлайды.

 

 

 

 

Қаралды 1563

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Please publish modules in offcanvas position.