+7 [7172] 57-24-91

Жаңалықтар

Бейсенбі, 12 Қазан 2017 03:58

60-жылдыққа орай.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60-жылдығына орай жоғары оқу орны тарихындағы үздік түлектер марапатталды.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық ЖОО, Астана қаласының бірінші жоғары оқу орны.
Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру кезінде ауыл шаруашылығы саласында мамандар қажет болғандықтан осы оқу мекемесі ашылды. Солтүстік және орталық Қазақстан облыстарына ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мамандарды кеңінен дайындау мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 3 қазандағы Қаулысы және СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1957 жылғы 9 қазандағы бұйрығы бойынша Ақмола ауыл шаруашылығы институты келесі факультеттерімен құрылды: агрономиялық, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Қазақстан Республикасының 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобалары үшін кадрларды дайындайтын елдегі 10 базалық ЖОО қатарына кіреді. QS World University Rankings® 2014/15 агенттілігінің әлемдік университеттер рейтингісінің нәтижесі бойынша ең үздік ЖОО 701+ тобына кіреді; Ұлы Хартия университеттерінің толық құқылы мүшесі және бұл өз кезегінде оны біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыруда негіз бола алады.

Жарты ғасырдан астам уақытта еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің түрлі саласына 63 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланды. Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады: ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар білім алуда. 60 жылдық тарихы бар кешегі Целиноград ауылшаруашылық институтының, бүгінгі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің беделі де білім ордамыздың қабырғасынан шыққан түлектердің қол жеткізген кәсіби жетістіктерімен бағаланбақ. Бұл бағытта университет түлектерінің толайым табыстарын мақтана айтуға болады. Түлектердің арасында ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Әлем Чемпионы, елшілер, көрнекі ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала, аудан әкімдері, ірі кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың басшылары, халық шаруашылығы салаларының қызметкерлері бар.

Олардың арасында астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің» басшысы Калин Рустам Ильясович. 20 жыл бұрын Рустам Ильясович университетті аяқтап, жоғары экономикалық білім алды. 1994 жылы екінші курс студенті бола тұра Қазақстанның құрамасында өнер көрсетті, 4 курста Рустам Ильясович Индияда қол күрестіруден өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл университеттегі ең бір атаулы оқиғалардың бірі болды, өйткені университете тарихында бірінші рет болып отырған оқиға. Жеңістен кейін жас студентке халықаралық дәрежежегі спорт шебері атағы берілді.

Бүгін, Рустам Ильясович Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-ның басшысы, Қазақстан Республикасының құрметті спорттық қайраткері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қарулы күштер арасында қол күрестіруден әлем чемпионы, жоғары ұлттық дәрежелі жаттықтырушы. «Командообразование и психология спорта» кітабының авторы.

Университеттің 60-жылдығына орай Университет мақтанышы құрметті медалімен марапатталды. КазАТУ әрқашан өздерінің чемпиондарымен аты шыққан. 60 жыл тарихында университет 92 сопрт шеберлерін, 20 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 3 еңбек сіңірген спорт шеберлері, әр түрлі спорт түрлері бойынша 30 әлем чемпиондарын тәрбиеледі.

Мектеп әкімшілігі басшысын құрметті медальмен құттықтайды!

 

Қаралды 1339

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Please publish modules in offcanvas position.