+7 [7172] 57-24-91

Жаңалықтар

Дүйсенбі, 15 Қаңтар 2018 12:13

Ұлттар кубогы.

Елордалық спортшы қыздар ұлттар кубогында үш медальға ие болды.

Сербияның Сомбор қаласында жетінші рет өтіп отырған Ұлттар кубогы аяқталды. Жарыс 10-15 қаңтар аралығында өтті, Қазақстанды ересектер құрама командасынан 22 спортшы қатысты.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» спортшысы Күнгейбаева Ляззат Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Елордалық спортшы 81 кг. жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, ақтық сында Ресейден келген қарсыласы Аида Гадимовадан жеңіп шықты.

«Турнир өте жақсы өтті, ұйымдастырушылар бізді өте жақсы қарсы алды. Осы жылы қатысушылар өте көп болды. Ақтық сындағы қарсыласым Ресейден болды, оның бокспен айналысатына көп болды. Мен үшін осы турнир өте үлкен тәжірибе. Турнир А класс болып есептеледі. Осы жылы бізді Әлем чемпионаты күтіп тұр» - деп бөлісті Күнгейбаева Ляззат.

Сонымен қатар елордалық спортшы қыздардың есебінде екі қола медаль бар. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшы Римма Волосенко турнирдің қола жүлдегері атанды, ½-де ол Англиядан келген Пейдж Мурнеймен кездесті. 64 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы Абдраимова Алия екінші қола медальға ие болды, оның қарсыласы Венгриядан келген Эстер Олах болды.

0oJdlO1t FE

BiseZNzM7cs

Бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының бас жаттықтырушысы Вадим Присяжнюктың айтуынша аталған жарыс спортшылардың жаңа жылға дайындалуына жақсы старт. Спортшылардың жарыста көрсеткен өнерлері олардың дайындық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Фото: Сергей Штрак.

 

 

Қаралды 1161

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Маусым 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Please publish modules in offcanvas position.