+7 [7172] 57-39-83

Жаңалықтар

Жұма, 01 Маусым 2018 09:14

Халықаралық турнирдегі күміс.

Халықаралық турнирде елордалық боксшы күміс медальға ие болды.

Халықаралық турнирде елордалық боксшы күміс медальға ие болды. Санкт-Петербург қаласында «Санкт-Петербург Губернаторының кубогы» халықаралық турнирі аяқталды, жарыс 26 – 31 мамыр аралығында өтті. Турнир олимпиада алдындағы әлем чемпионатының старты тәрізді болды, Онда төрт құрлықтың Азия, Африка, Европа және Оңтүстік Американың үздік спортшыларпы кездесті. Кубоктың тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарының және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары жиналды.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы Махметов Азат турнирде күміс медальға ие болды, жартылай финалда өзбекстандық спортшы Жасурбек Латиповтан басып озды, бірақ 3 раундта біздің споршы жарақат алып, дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатқан болатын.

Азат Махметов 52 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, Республикалық және Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2017 жылғы Ислам ойындарың чемпионы. «Мен ол жаққа жеңіс үшін бардым, ақтық сында жеңіске жете алмағаныма қатты өкіндім. Демек жұмыс істеу керек, жаттығуларымды күшейтуім қажет, барлығына қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіремін» - деді Махметов Азат. «Санкт-Петербург Губернаторының кубогы» жетінші рет өткізіліп отыр.

Санкт-Петербург Губернаторының кубогының жеңімпаздары арасында — Евгений Тищенко, Михаил Алоян, Дмитрий Бивол, Исраил Мадримов, Санжар Турсунов және тағы басқалары бар.

 

Қаралды 857
Осы саладағы басқа материалдар: « Әкіммен кездесу. ҚР Президентінің кубогы. »

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Қыркүйек 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Please publish modules in offcanvas position.