+7 [7172] 57-24-91

Жаңалықтар

Бейсенбі, 04 Маусым 2015 09:35

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен, қазақстандықтар!

4 маусым сағат 9:00 уақытта «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» КМҚК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Акт залында сексеннен  астам мектеп қызметкерлері, жаттықтырушылар мен спортшылар жиналды.

1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.

«МЖСШМ» КМҚК қызметкерлері іс-шараны Мемлекеттік Әнұранмен бастап, жиналған қауымға мемлекеттік рәміздер туралы бейнеролик көрсетілді. Мерекені жүргізушілер ҚР рәміздердің шығу тарихымен көрермендермен бөлісті.

IMG 9924

Біздің спортшылар шет елдерде ұйымдастырылатын  жарыстардан үнемі құрметті мақтау қағаздар мен бағалы жүлделермен оралуда.
Бүкіл әлем алдында қанша рет Туымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, Әнұранымыз ойналды!

Қазақстан спортшылары қоржынын 2012 жылы Лондондағы олимпиадада 7 алтын, бір күміс және бес қола медальмен толықтырды. Спортшыларымыздың бұл жарқын жеңістері халқымызды рухтандырды, бойларында мақтаныш сезімін ұялатты. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың олимпиадалық құттықтау сөзіндерінің бірінде спортшыларымыздың олимпиадада жетістіктерін сөздерімен емес, қажырлы, аянбай төккен еңбектерімен дәлелдегендері жас болашақ ұрпаққа үлгі екенін айтқан болатын.

«МЖСШМ» КМҚК директоры Калин Рустам Ильясович бүгінгі мерекеміздің барша қазақстандықтар үшін маңыздылығын айта кетіп, әр отбасыға денсаулық, бақыт тіледі. Мектеп спортшылары Қазақстанның барша әлем алдында тағы бір мәртебесін көтеріп, Рио-де-Жанейродағы олимпиададан үлкен үміт күтетінін, жалпы алда әрдайым жеңіспен оралатындарына сенімін білдірді.

IMG 9920

Қаралды 1661

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Please publish modules in offcanvas position.