+7 [7172] 57-24-91

Жаңалықтар

Сейсенбі, 16 Маусым 2015 02:24

Павел Ильяшенко Әлем Кубогы финалында қола медальға ие болды

Жарыс  10-15 маусым аралығында Минск қаласында өтті. Ерлер финалында әлемнің 18 елінен 36 спортшы қатысты. Финалдық жекпе-жекте «МЖСШМ» МКҚК спортшысы Ильяшенко Павел 1454 ұпай жинап, үшінші орынға қол жеткізді.

Павел Ильяшенко – қазіргі бессайыстан спорт шебері, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі. Өткен жылы спортшымыз Азия Чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алған болатын. П. Ильяшенконың жаттықтырушысы Оксана Дмитриенко қазіргі бессайыстан мемлекеттік жаттықтырушысы болып табылады.

Қазіргі уақытта  қазіргі бессайыс жарысы жасөспірімдер арасында кең дамып келе жатқан және қажетті спорт түрінің бірі.

IMG 20150615 WA0007 1

Біздің спортшыларымыздың қазіргі бессайыстан халықаралық және Республикалық жарыстардағы бұл жетістіктері мен жеңістері жеткіншектердің қызығушылықтарын арттырып, жеңіске итермелейді.

Үздік жетістік деп біздің спортшыларымыздың Азия чемпионатында жеңіп алған 9 медалін айтуға болады.  
П. Ильяшенко Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға басты үміткердің бірі. Біз спортшымызға сенеміз және тағы бір жеңісімен құттықтаймыз!!

IMG 20150615 WA0006

Қаралды 3775

СЕРІКТЕСТЕР

akimat
sport.kz
kultura i sport
komitet

КҮНДЕР БОЙЫНША ЖАҢАЛЫҚТАР

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Please publish modules in offcanvas position.